«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Назар аударыңыз, Директорлар конкурсы!

16.08.2020

«Аршалы аданының білім бөлімі» ММ  бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

 

 

"Шортанды негізгі мектебі" ММ директоры ,мектеп жарғысы негізінде әрекет ететін ,тіркеу нөмірі 2012 жылғы 07.05 № 210-1902-06 ГУ ,

Ақмола облысы Аршалы ауданы Шортанды  ауылында орналасқан 36 оқушы, 7-педагог.

 

Қойгелді ауылының "Қойгелді орта мектебі" ММ директоры 29.04.2016 жылы № А-227 мектеп жарғысының негізінде әрекет ететін (тіркеу  номері  215-1902-06-ММ  30.05.16 жыл), оқушылар саны -68, педагогтар саны -18

Ақмола облысы Аршалы ауданы Қойгелді ауылы орналасқан.

 

"Бабатай негізгі мектебі" ММ директоры мектеп жарғысы негізінде әрекет ететін (03.04.09 жылғы тіркеу нөмірі 218-1902-06-ММ), Ақмола облысы Аршалы ауданы Бабатай станциясында орналасқан, оқушылар саны 65, педагог -19.

 

      "Белоярка негізгі мектебі" ММ директоры 2018 жылғы 09.04.№ 125-1902-06-14-M , оқушылар саны-36, педагогтар саны-11, Ақмола облысы Аршалы ауданы Белоярка ауылында орналасқан.

 

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да  нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.

Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы   қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған  бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

 Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.

         Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.    

Біліктілікке қойылатын талаптартиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат;  педагогикалық жұмыс өтілі (немесе қорғаныс саласында) кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл (педагогикалық өтілі кемінде бес жыл ЖОО-ның оқытушыларын, қорғаныс саласы қызметкерлерін мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда).

  оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.

 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1.Білім беру органның басшысы атына жазылған конкурска қатысу туралы,тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген өтініш;

2. жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3. білімі беру туралы мемлекеттік үлгідегі құжат көшірмесі;

4. еңбек қызметінрастайтын кітапшасының көшірмесі;

5. фото суретімен қоса кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

6. бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме; 7. біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі бар туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

8. Қазақстан Республикасы 23 қараша 2010 жылғы № 907 Денсаулықсақтау Министрінің  м.а. бұйрығымен  бекітілген (нормативті-құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік Реестірінде тіркелген  № 6697 ) № 086/У нысанындағы денсаулықғы туралы медициналық анықтама;

9. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама- жарияланған мезеттен бастап 7 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жайға тапсыруға қажет:

10. Мектеп дамуының перспективті жоспары

11.Тестілеуді өті туралы анықтама (бар болған жағдайда)

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 105837тенге.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметі растайды.- хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде Ақмола облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Аршалы аудандық бөлімі арқылы ұсынылуы тиіс .

Конкурстың өтетін орны: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы к,Республика к-сі,11 «Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ.

Анықтама үшін байланыс телефондары: (871644)5-12-03,  электрондық адрес:arshalyoo@agmoedu.kz

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 16.08.2020 12:07
Құрылған күні: 16.08.2020 12:07

Текст