«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамақтандыру 2023-2024

Аршалы ауданының мектептерінде оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру туралы ақпарат

 

          ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес биыл республика бойынша бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі уақытта ауданның 29 мектебінде бастауыш сыныптарда 2499 оқушы оқиды. Сонымен қатар, 5-11 сыныптарда оқитын аз қамтылған отбасылардан шыққан 314 бала ыстық тамақпен қамтылды.

          Қазіргі уақытта ауданның 29 мектебінен 24 мектепте оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды. 5 мектепте келесі себептер бойынша ыстық тамақ ұйымдастырылмаған: ауданның Ольгин, Николаев, Белояр, Бұлақсай НМ мектептері шағын жинақталған мектептерге жатады. Осы уақытқа дейін бұл мектептерде оқушыларға арналған ыстық тамақ жеке шаруашылықтар есебінен ұйымдастырылды. Биыл олар барлық бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуден бас тартып отыр. Ол мектептердегі бастауыш сыныптардағы балалардың аздығы жалға алушыларды қызықтырмайды. Бұл мектептер аудан орталығынан алыс.

          Сонымен бірге Тургенев ОМ өз асханасы болмады, көптеген жылдар бойы жауапкершілігі шектеулі шаруашылық мектеп оқушыларын өз асханасында тамақтандырды. Мектептің өз асханасы болмағандықтан тендер жариялау мүмкін болмады. Жаз айларында мектеп ғимаратында асхана ашу үшін біз білім басқармасына тиісті жабдықты сатып алуға өтініш бердік, өкінішке орай, біздің өтінішіміз қанағаттандырылмады. Осыған қарамастан, қыркүйек айында жоғарыда аталған мектептерге кезекті конкурс жарияланды, оның қорытындысын біз осы жұмада көреміз.

           Ал, Анар мектебінде күрделі жөндеуді 01 қазанда аяқтау жоспарлануда, офлайн оқыту форматына көшкен кезде, ыстық тамақ ұйымдастырылатын болады.

         Ауданның көптеген мектептерінің асханаларында жабдықтар мен жиһаздар жетіспейді. Мұндай қиындықтар барлық бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету кезінде туындады. Біз облыстық бюджеттен 28,5 млн. теңге сұрадық, бірақ біздің бюджеттік өтінімдеріміз қанағаттандырылмады.

        Барлық мектептерде ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын бақылау үшін мектепішілік бракераждық комиссиялар құрылды және жұмыс істейді. Аудандық білім бөлімінің жанынан ведомствоаралық бракераж комиссиясы құрылды. Мектептерде облыстық білім басқармасы ұсынған 4 апталық мәзірге сәйкес ыстық тамақ ұйымдастырылды.

         Ал, жаңадан ашылған мектеп-лицейдегі Жібек жолы ауылындағы болған жағдайға байланысты айтатын болсақ: Аршалы ауданының "Жібек жолы ауылының мектеп - лицейі" КММ ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 300 орындық жобалық қуаттылығы 517 оқушы (жаңа нысан) пайдалануға беріліп, білім алуда.

          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қызмет көрсетушіні анықтағанға дейін "Алтын сақа" ЖК-мен 2 айға шарт жасалды, олар ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен бастап оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастырды. Оқу ағарту министрі 15 қыркүйекте мектепке келгенде, ас дайындау блогы әлі толық қабылданып болмаған кез болатын. Мектепті қабылдау туралы облыс әкімінің қаулысы мен материалдық актілер, мектеп директоры құжаттарды тек 20 қыркүйекте алды. Соған қарамастан оқушылардың ыстық тамақты ұйымдастыруына немқұрайлы қарағаны үшін мектеп басшысының міндетін атқарушысына тәртіптік шаралар қабылданды.

        Алдағы уақытта Аршалы аудандық білім бөлімі оқушыларды ыстық тамақтандыруды ұйымдастырумен айналыса беретін болады.

Жаңартылған күні: 27.09.2023 09:53
Құрылған күні: 27.09.2023 09:53

Текст