Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді
Ақпан 20 /
2018
БӨЛІСІҢІЗ
- ҚР президенті Н.Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын
бекітті, - деп хабарлайды Ақорда сайты. Елбасы "Қазақ тілі әліпбиін
кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ жариялады.
1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына
(Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі
осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.