Текст
"Аршалы ауданы бойынша білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинетінің мониторингтік тобы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Аралау барысында мектеп жанындағы аумақтарды абаттандырудың жай-күйіне бағалау жүргізілді, материалдық-техникалық базаның дайындығы тексерілді, оқу жылы басталуына дейін жоюды талап ететін кемшіліктер туралы ескертулер жасалды.