«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Негізгі, орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру

07.10.2025

«Экстернат түрінде оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алу үшін талаптар тізімі
Өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz.
Қажетті құжаттар:
1. Қызмет алушының ЭЦҚ арқылы қол қойылған электрондық сұрау нысанындағы өтініш (Осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес).
2. Медициналық-кеңес беру комиссиясының электрондық қорытындысы (026/у нысаны), ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген. Білім беру ұйымына денсаулығына байланысты бара алмайтын білім алушыларға қажет.
3. Электрондық үлгерім табельдері – барлық оқу кезеңінде барлық пәндерден «4» және «5» бағалары бар білім алушыларға.
4. Қызмет алушының ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар шетелде уақытша тұратынын растайтын электрондық анықтама, егер білім алушы оларға бірге шыққан жағдайда.
5. Білім алушының атына берілген, оның шетелде оқитынын растайтын электрондық құжат, егер ол ата-анасыз немесе оларды алмастыратын адамдарсыз шыққан жағдайда.
Қызмет көрсету нәтижесі:
– Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді (Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес),
немесе
– Өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап (Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша).
Нәтиже беру нысаны: электрондық.

Просмотров: 308

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст