«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қызмет көрсетушілердің тізбесіне қосуға өтінішті қабылдауға хабарландыру

09.01.2026

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қызмет көрсетушілердің тізбесін қосуға өтініш қабылдау жарияланады 

«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ көрсетілетін    білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы бекітілген қағидалардың 6-тарауы, 29-тармағы негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеуге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесін қосуға арналған өтінішті қабылдау жарияланады Қазақстан Республикасы Білім беру министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығы. 09.01.2026 жыл 

Көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесін қосуға өтінішті қабылдау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органды өз қызметінің басталғаны туралы хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдарға жол беріледі.

Көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесін қосуға өтінішті қабылдау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жеке ұйымдары мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымның жарғысын, банктен берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы, құжаттарды бергенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнмен берешектің жоқ екендігі туралы салық органынан анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;

4) «Мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеуі туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген);
5) бекітілген жерін ескере отырып, медициналық кабинетке лицензияның немесе емханамен қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы туралы көшірмесі;
6) жеткiзушiнiң мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы мiндеттемелерi тек қана Заңға сәйкес тамақтанғаны үшiн ата-ананың ақы төлеу мөлшерi белгiленген қалалық бiлiм бөлiмiнiң жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Өнім беруші 2-қосымшаға сәйкес міндеттемелер нысанын толтырады;
7) тәрбиешілердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері.

Өтінімдер тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қызмет көрсетушілердің тізімін қосуға өтініш беруге ниет білдіргендердің барлығы 2026 жылдың ішінде Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Митченко көшесі, 14 мекен-жайы бойынша орналасқан «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ұсынуы тиіс , құжаттардың толық пакеті. Ұйымдардың конверттерін «Ақмола облысы Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бұйрығымен құрылған комиссия ашады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ интернет-ресурсында жарияланатын болады

Просмотров: 243


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст