19.03.2026
18 наурыз – Қазақстанда Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілетін Ұлттық киім күні. Бұл күн ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, дәстүрлі киім арқылы халықтың мәдениеті мен тарихын насихаттауға арналған .
Осы мерекеге орай еліміздің түрлі өңірлерінде мәдени іс-шаралар, сән көрсетілімдері мен көрмелер ұйымдастырылды. Соның ішінде сәндік-қолданбалы өнерге арналған көрмелер ерекше орын алды.
Мұндай көрмелердің мақсаты- ұлттық киімнің тек тұрмыстық зат емес, халықтың дүниетанымы мен эстетикалық талғамын көрсететін маңызды мәдени мұра екенін таныту.
Жалпы айтқанда, 18 наурыздағы бұл іс-шаралар ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді жаңғыртып, жас ұрпаққа ұлттық рух пен мәдени құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосады.
https://www.instagram.com/reel/DWBcGipjFb6/?igsh=MXA0dGs5bnZucDB0bA==