«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Армысың, әз-Наурыз»

20.03.2026

      «Армысың, әз-Наурыз» мерекесі – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ерекше рухани шара.
Биылғы мереке Наурыз мейрамы мен мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің туған күнімен қатар атап өтілді. Бұл – тарих пен дәстүрді сабақтастыра отырып, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие берудің жарқын көрінісі.
Мерекелік бағдарлама мазмұнды әрі әсерлі өтіп, заманауи технологиялармен ұштастырылған көріністер мен танымдық бөлімдер көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.
Сонымен қатар, тарихи тұлғаларға құрмет көрсетіліп, ұлттық мәдениетіміз кеңінен насихатталды.
Шараның жалғасы ұлттық ойындармен өрбіді. Оқушылар қазақтың дәстүрлі ойындарына белсене қатысып, өз ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Ұлттық ойындар арқылы олар тек көңіл көтеріп қана қоймай, ата-бабамыздан қалған асыл мұраның мәнін тереңірек түсінді.
Бұл мереке оқушылардың бірлігін нығайтып, ұлттық рухын көтеріп, салт-дәстүрге деген құрметін арттырды. «Армысың, әз-Наурыз» – тәрбиелік мәні зор, тағылымы мол, есте қаларлықтай шара болды.

  

 

https://www.instagram.com/p/DWF_zApjFwH/

#Nauryznama2026#ҰлыДалаНаурызы#адалазамат#aqmoedu

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст