Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
мектепке дейінгі білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша
министрліктің бұйрығына сәйкес тәрбиелеу және оқыту
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122
20.05.2022 жыл
"Ақмола облысы Білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі" ММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. Аршалы ауданының аумағында орналасқан және қатысуға өтінім берген жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жеке ұйымдары мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;
2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысы, банктен берешектің жоқ екені туралы анықтама, салық органынан құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар берешектің жоқ екені туралы анықтама;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
4) м. а. бұйрығымен бекітілген "эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген)өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
5) медициналық кабинетке лицензияның немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы туралы көшірме;
6) өнім берушінің балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тек қана Қалалық білім бөлімінің жолдамасы бойынша тамақтану үшін ата-ананың белгіленген төлем мөлшерімен қабылдау туралы міндеттемелері. Өнім беруші 2-қосымшаға сәйкес міндеттемелер нысанын толтырады;
7) тәрбиешілердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан ұсыныстар саны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар санынан асып кеткен жағдайда, өнім берушілерді комиссия конкурстық негізде іріктейді.
Өнім берушілерді конкурстық іріктеу кезінде қосымша өлшемшарттар:
1) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санының кемінде 10 % ;
2) тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санының кемінде 50% - ын құрайды.
Білім беру мемлекеттік тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар 2022 жылғы 08 маусым сағат 10: 00-ден кешіктірмей Ақмола облысы , Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Ташенов көшесі, 15 мекен-жайы бойынша орналасқан "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-не құжаттардың толық пакетін ұсынады. Ұйымдардың конверттерін 2022 жылғы 08 Маусымда 11 сағат 00 минутта "Ақмола облысы Білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бұйрығымен құрылған комиссия ашады.
Комиссия ұсынылған өтінімдерді отырыста 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды
Комиссия отырысынан кейін мынадай ақпараты бар конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланады:
1) қабылданбау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде құжаттардың сәйкессіздігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген, Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;
2) Алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес түзетулері мен толықтырулары бар мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттарды қайта қарау күні.
Конкурстық комиссияның алдын ала рұқсат беру туралы шешімін конкурстық комиссияның хатшысы 3 жұмыс күні ішінде білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.
Әлеуетті өнім берушілер алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес құжаттарды сәйкес келтіреді.
Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкестікке келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.
Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.
Комиссияның шешімі мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мүмкін болатын ең көп орын санын көрсете отырып, хаттама түрінде ресімделеді.
Комиссия мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) жеке мектепке дейінгі ұйымда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған тізбеге енгізу туралы;
2) осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған Тізбеге енгізуден бас тарту туралы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім "Ақмола облысы Білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-нің интернет-ресурсында жарияланады.
Жетекшісі
Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі " ММ
Ақмола облысының білім басқармасы"