«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инклюзивті білім беру кабинетінің ашылуы

01.09.2022

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту инклюзивті кабинеті біртіндеп  ашылуда. Бұл кабинеттің мақсаты: әр баланың мүмкіндігін дамытуға көмектесу, оқу бағдарламасына сай білім беру.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру»  жобасы бойынша «Балалар жылы»  қарсаңында  «Ерекше білімді қажет ететін»   балаларды , қажетті көмекпен қамтамасыз ету үшін «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  мектебінде инклюзияны қолдау кабинеті   ашылды.

Ашылу салтанатына Ақмола облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботагөз Балапаевна , Ақмола облысы Білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы Коспанова Марал Шарипкановна ,  Аршалы ауданы Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Кусайнов Айболат Аманжолович және білім бөлімінің әдіскері Кайсанова Зейнеш Токтаровна қатысты.

Білім бөлімінің басшысының  міндетін атқарушы Кусайнов Айболат Аманжолұлы мен мектеп директоры Туркестанбаева Ақнұр Арысбаевна «Инклюзивтік  кабинеттің» салтанатты ашылу рәсімін орындады.

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыта отырып, қоғамда инклюзивтік балаларды  дамытуға жол ашамыз.

Инклюзивті қолдау кабинетінің  міндеті- балалардың   даму бұзылыстары мен жеке ерекшеліктерін түзетуді ескере отырып, балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуын ұйымдастыру, танымдық белсенділіктерін дамыту үшін құрылған.

Осы инклюзивті кабинетті ашу үшін облыстық бюджеттен 8млн 400 мың теңге бөлініп отыр. Бұл кабинетте арнайы  2- педагог-психолог, 1- әлеуметтік педагог, 1- мұғалім-логопед жұмыс жасайды..

Сондай – ақ, инклюзияны қолдау кабинеті төрт аумақтағы мектепті       (Жалтыркөл НМ, Бабатай НМ, Қойгелді ОМ, Жибек жолы ОМ) қамтиды. Міне, сонда ғана, мүмкіндігі шектеулі балаларды, отаншылдыққа, еңбекқорлық пен білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу мақсатында, басты құндылыққа жете аламыз.

Сіздерге алдағы уақытта жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

 

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст