«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыруға арналған Конкурс

12.06.2023

Хабарландыру!

«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ҚР БҒМ 27.08.2022 жылғы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

   14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

15.Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

2) медициналық қызметке лицензиялар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);

5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст