«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп директорларының конкурсына хабарландыру

24.02.2020

«Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ  бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

   

         Қойгелді ауылының "Қойгелді орта мектебі" ММ директоры 29.04.2016 жылы № А-227 мектеп жарғысының негізінде әрекет ететін (тіркеу  номері  215-1902-06-ММ  30.05.16 жыл), оқушылар саны -68, педагогтар саны -18, Ақмола облысы Аршалы ауданы Қойгелді ауылы орналасқан.

 

        " №  5  кешкі орта  мектебі" ММ директоры мектеп жарғысы негізінде әрекет  ететін (24.08.04  жылғы  тіркеу нөмірі 326-1902-06-ММ), оқушылар саны 13, педагогтар саны -8.Ақмола облысы Аршалы ауданы Спортивная көшесі -1, 166/5 ЕЦ мекемесі.

           

         Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да  нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.

Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы   қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған  бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

 Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.

            Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.   

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс, шағын жинақты мектепте кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі,    басшы лауазымындағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1.Білім беру органның басшысы атына жазылған конкурска қатысу туралы, тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген өтініш;

2. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3. Білімі беру туралы мемлекеттік үлгідегі құжат көшірмесі;

4. Еңбек қызметін растайтын кітапшасының көшірмесі;

5. Фото суретімен қоса кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

6. Бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;

7.Біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі бар туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

8. Қазақстан Республикасы 23 қараша 2010 жылғы № 907 Денсаулық сақтау Министрінің  м.а. бұйрығымен  бекітілген (нормативті-құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік Реестірінде тіркелген  № 6697 ) № 086/У нысанындағы денсаулықғы туралы медициналық анықтама;

9. Қылмыстық жазба туралы анықтама;

10.Мемлекеттік ұйымның перспективалық даму жоспары;

11.Тестілеуді өті туралы анықтама (бар болған жағдайда)

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 105837тенге.

 Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттардың көшірмелері,жұмыс орнынан немесе жауапты қызметкерден куәландырылған білім беруді ұйымдастыру және мөрмен растайды.

            Құжаттардың толық емес жиынтығын ұсынған кезде үміткер конкурсқа қатысуға   құжаттары  қабылданбайды.

Хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде Ақмола облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Аршалы аудандық бөлімі арқылы ұсынылуы тиіс .

Конкурстың өтетін орны: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы к,Республика к-сі,11 «Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ.

         Анықтама үшін байланыс телефондары: (871644)5-12-03, 5-14-63, электрондық адрес:arshalyoo@agmoedu.kz

 

 

 

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст