Текст
Ауданымызда мектеп оқушылары арасында кәсіпқой бокс секциясы 2 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Секцияны бокстан спорт шебері, қарағандылық Родион Владимирович Толкачев басқарады. Бокстан келешегі зор жас жаттықтырушы жігіттерімізді халықаралық аренаға шығарып жатыр. 12 мен 16 жас аралығындағы ұлдардың негізгі тобы қазірдің өзінде көптеген көрші елдерде - Ресей, Беларусь, Өзбекстанда болды. Қазір жаттықтырушы жігіттерді Америка мен Испанияға ұзақ іссапарға алып барады.Жігіттерімізге сәттілік!