«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы

29.02.2024

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысы (бұдан әрі –Қаулы) қабылданғанын хабарлайды.
Қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырады.
Баяндалғанның негізінде, Департамент Сіздің өңірде тәрбиелеу-білім беру процесін мектепке дейінгі ұйымдардағы күн тәртібіне сәйкес тиімді ұйымдастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, педагогтері, тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері) үшін республика аумағында уақытты есептеу тәртібінің өзгеретіндігі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Просмотров: 746

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст