Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің 2024 жылғы 15 наурыздағы № 3326 хаты негізінде Ақмола облысының білім басқармасы төмендегіні хабарлайды.
Өздеріңіз білетіндей, 2024 жылғы 23 ақпанда ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол крйды.
Қол қойылған Заң шеңберінде білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен балаларды 1-сыныпқа оқуға қабылдау барысында тест немесе конкурс рәсімдерін қолданбау қарастырылған.
Қазіргі уақытта Министрлік «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберді.