«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім бөлімінің басшысынан құттықтау

01.10.2020

Білім бөлімі басшысы

Молдахметов Мереке Рахимбековичтің

Ұстаздар күніне арналған құттықтауы

  

                                   Құрметті ұстаздар!

         «Алты алаштың азаматтары бас қосқан жерде, төр мұғалімдікі» – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұстаздық мәртебелі мамандық десек жалған айтпаған боламыз. Себебі хан да, қарапайым адамда мұғалім мектебінен өтіп, өмірге жолдама алады.

 

          Ардақты ұстаздар! Қазіргі әлемді жайлаған пандемия жағдайында мұғалімнің білім беру үдерісіндегі қызметі сан тарау болып көбейе түсуде.Осы қиын кезеңге қарамастан Сіздердің  қажымас еңбектеріңіздің арқасында келешек ұрпақ білім нәрін  бойларына сіңіріп келеді.

 

           Қымбатты  ұстаздар! Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін, мен баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен шын жүректен  құттықтаймын. Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларыңыздың оқуда озат, өмірде патриот болуына тілектестігімді білдіремін! Мереке құтты болсын ұстаздар!

 

Просмотров: 6132


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст