Текст
Ағымдағы 14-16 қазан аралығында өткен "Менің Отаныма-менің бастамам" оқушылардың шығармашылық жобалар республикалық байқауына республикамыздың түкпір-түкпірінен 170 оқушы қатысып өздерінің жұмыстарын қорғады.Осы додаға облыстық кезеңнің жеңімпазы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сардарқызы Аружан "Жаңғырту полюсы" номинация бойынша " Заманауи киімдегі түркі халықтарының тарихын жаңғырту"тақырыбында өз жобасын ұсынып жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Татенова С. Т.