«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Назар аударыңыз, Мемлекеттік тапсырыс!

18.12.2025

              Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге және балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»

 

Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі

2026 жылға арналған балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды

(жалпы 419 орын) келесі білім беру бағдарламалары бойынша:

 

1. Ғылыми-техникалық бағыт  – 128 орын, бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны 15217 теңге (КҚБ-мен 15800 теңге)(бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; кеме модельдеу; зымыран модельдеу; робототехника; ғарыштану; 3D-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелерді жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кино-видео шығармашылық; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; LEGO-құрастыру; спорттық радиомодельдеу; автокөлік ісінің негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыш ғылымы; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүретін көліктер; ағаш ұсталығы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; халықтық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт; ұшқышсыз ұшу аппараттары).

 

2. Туристік-өлкетану бағыты  – 17 орын,бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны 15217 теңге (КҚБ-мен 15800 теңге)  (тау туризмі; су туризмі; жаяу туризм; жартасқа өрмелеу; спорттық бағдарлау; спелеотуризм; велотуризм; шаңғы туризмі; оңалту туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауыл туризмі; ғылыми туризм; гид-экскурсоводтар; географиялық өлкетану; тарихи өлкетану; экологиялық өлкетану; музейтану; ат туризмі; жас тау құтқарушы; із кесуші-құтқарушы; археология).

 

3. Экологиялық-биологиялық бағыт  – 13 орын, бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны 15217 теңге (КҚБ-мен 15800 теңге)(экология; орнитология; балық шаруашылығы; гүл өсіру; флористика; зоология; анималистика; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бағбандық; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян өсіру; иппотерапия; ветеринария; геология; ландшафттану; экология-зерттеуші; өнеркәсіптік экология; STEM-зертхана (биология, химия); гидропоника; эко-журналистика; фитопатология).

 

4. Көркем-эстетикалық бағыт– 81 орын, бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны 15217 теңге (КҚБ-мен 15800 теңге)(керамика, қыш ісі; мүсіндеу, скульптура; кесте тігу; тоқыма; тігін, макраме; оригами, қағаздан бұйымдар; кілем тоқу; зергерлік өнер; ағашқа, металлға, керамикаға көркем өрнек салу; тері өңдеу; металл өңдеу; пирография; киім дизайны; арт-терапия; құрақ тігу).

 

5. Әлеуметтік-педагогикалық бағыт  – 43 орын, бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны 15217 теңге (КҚБ-мен 15800 теңге) (журналистика, медиаорталықтар; дебат қозғалысы; волонтерлік қозғалыс; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; зияткерлік ойындар клубы).

 

6. Гуманитарлық бағыт  – 68 орын, бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны 15217 теңге (КҚБ-мен 15800 теңге) (тіл курстары).

 

7. Жаратылыстану-математикалық бағыт  – 68 орын, бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны 15217 теңге (КҚБ-мен 15800 теңге)(математика курстары).

Балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу төмендегі талаптар болған жағдайда жүзеге асырылады:

1.өтініштің болуы;

2. қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын, заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйымның жарғысы (ережесі, құрылтай шарты);

3. Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалдау шартының болуы;

4.Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының болуы;

5.педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтердің болуы;

6.педагогтердің жалпы санының кемінде 10 пайызын құрайтын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің болуы;

7.Ұйымның жарғысына, құрылтай құжаттарына, шарттарға сәйкес қосымша білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы; іске асырылатын балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын көрсете отырып,

8.НОБД ақпараттық жүйесінде тіркелуі;

9.«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес эпидемиялық маңызы аз объектінің қызметін (пайдалануын) бастау және тоқтату туралы хабарламаның болуы;

10.заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтердің болуы;

11.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлардың сақталуы (бұдан әрі – санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы бұйрық), балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында төрт сағаттан және одан да көп күндізгі болу кезінде тамақтандыру ұйымдастырылған жағдайда;

12.балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін құжаттарды тапсыру күнінен бұрын бір айдан ерте емес мерзімде алынған, мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын берешектің жоқтығы (немесе бар екендігі) туралы мәліметтердің болуы;

13.өртке қарсы қауіпсіздік жүйесінің болуы;

14.Нұсқаулыққа сәйкес террористік тұрғыдан қорғалу талаптарының сақталуы.

Конкурсқа қатысу үшін ұйымдарда келесі құжаттар болуы қажет:

(1–14 тармақтар толық сақталып, Қазақстан Республикасының білім, санитарлық-эпидемиологиялық, өрт және терроризмге қарсы талаптарына сәйкестігі).

Қажетті мәліметтер egov.kz, elicense.kz, ұйымның интернет-ресурсы және НОБД ақпараттық жүйелері арқылы тексеріледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2025 жылғы 18–24 желтоқсан (қоса алғанда)

Мекенжай: Ақмола облысы, Аршалы кенті, Митченко көшесі, 14 (аумақтық қағидат бойынша)

📞 Қосымша ақпарат: 8 771 298 71 52

 

 

 

Просмотров: 3227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст