Осы оқу жылында, короновирустық инфекцияның таралуының жалғасуы және соның салдарынан карантиндік шаралар кезінде біздің аудан бойынша оқу қызметіне қатысты әртүрлі іс - шаралар жоспары өткізілді-бұл барлық аудандық,облыстық және республикалық ауқымдағы конкурстар мен олимпиадалар, түрлі маңызды күндерге арналған акциялар. Бұл іс-шаралардың көп бөлігі онлайн форматта өткізілді,бірақ соған қарамастан біздің оқушылар мен мұғалімдер көптеген жеңістерге қол жеткізіп, көптеген жоғары марапаттарға ие болды. Мұның бәрі біздің Фейсбуктегі, Инстаграмдағы аккаунттарымызда қамтылған. Біздің оқушылардың білім сапасы өткен оқу жылымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Осы оқу жылының соңына қарай біздің ауданда Атынбел белгісіне 16 үміткер бар, сондай-ақ ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлер бар. Барлық емтихандар, тесттер ҚР БҒМ талаптарына сәйкес өтеді. Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!