«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын қазына – әжелер»

19.03.2026

 

Мектебімізде ерекше жылылық пен тәрбиелік мәнге толы «Алтын қазына – әжелер» атты сайыс жоғары деңгейде өтті. Бұл сайыс – ұрпақтар сабақтастығын жалғап, әжелеріміздің даналығы мен өнегесін дәріптеуге арналған тағылымды шара болды.
​Сайыс барысында ақ жаулықты әжелеріміз өз өнерлерін көрсетіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды насихаттады. Әрбір кезең көрерменге ерекше әсер сыйлап, мейірім мен жылылыққа толы сәттерге ұласты.
​Әжелеріміз – отбасының берекесі, ұрпақтың алтын діңгегі. Осындай шаралар арқылы олардың еңбегі мен тәрбиесінің маңызы айқын көрініс табады.
​Барша қатысушы әжелерімізге алғысымыз шексіз! Сіздер – біздің мақтанышымыз, сарқылмас қазынамызсыздар💛

#Nauryznama2026#ұлыдаланаурызы

 

https://www.instagram.com/p/DWDcXegjE-7/

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст