28.02.2026
Есеп
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы
2025 жылға
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары көрсетеді.
Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Митченко көшесі, 14.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Аршалы ауданында білім беру саласында 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы білім бөлімімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен 5649 мемлекеттік қызмет көрсетілді
Оның ішінде:
- электрондық үкімет порталы арқылы - 750 мемлекеттік қызмет;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 39 мемлекеттік қызмет;
- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - 3572 мемлекеттік қызмет;
- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде - 1288 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту 22 өтінім бойынша ұсынылды, оның ішінде: 22 - электрондық форматта.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласындағы неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
- «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»;
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
- «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».
2, Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім беру басқармасының ресми интернет-ресурсында орналастырылған
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/activities/directions?lang=ru және білім бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде https://arshaly.aqmoedu.gov.kz/.
Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ресми интернет-ресурстарда және ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жылы білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдар 354 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде ресми интернет-беттерде 306 жарияланым, баспасөз басылымдарында 5 жарияланым, 43 тікелей эфир.
Ай сайынғы негізде көрсетілетін қызметті берушілердің БАҚ және интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы халықты хабардар ету жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Аршалы ауданының мектепке дейінгі ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі (26 МБҰ) арқылы жұмыс істейді.
2, 2022 жылдан бастап білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
3, Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 86 қызметкер көрсетеді.
2025 жылы 36 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жыл кезеңінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері
Ішкі мемлекеттік бақылау бақылау іс-шаралары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау іс-шараларының 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес Ақмола облысының білім беру ұйымдарында 6 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Қорытындысында 6 ұсыныс әзірленді, оның 6-ы орындалды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері
2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Ақмола облысы Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінде ескертулер жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары
Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында
мынадай міндеттер қойылған:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.
Басшы Ж.Кайрмденов