«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

          Құрметті әріптестер,ата-аналар,оқушылар! Біз Сіздерді "Аршалы ауданының  білім бөлімі" ММ ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.Біздің сайттан сіз қызықты, пайдалы,жаңалықтар таба аласыз.Сондай-ақ, сайтта біздің бөлімге қатысты сіз сұрақтарға жауап ала аласыз. Біздің ресурсқа кіріңіз, фотосуреттерді қарап шығыңыз, біз сіздерге әрқашан қуаныштымыз! тел. 8 771 516 9614

Құрметпен, білім бөлімінің басшысы, 

Қайрмденов Жомарт Жамбылұлы

Жаңалықтар


Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу

Құрметті жас түлектер!

Сіздерге Ақмола облысының мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!

Негізгі шарттары:

  1. конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;
  2. білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;
  3. мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;
  4. конкурссыз Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы (Көкшетау қаласынан басқа) мемлекеттік органдарда бас маман / жетекші маман лауазымдарына орналасуға болады.

Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.

Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу үшін baspasoz_kyzmet@mail.ru почтасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

  1. 2026 жылы алынған білім туралы құжат (диплом) және оның қосымшалары;
  2. жұмыс істегіңіз келетін аудандардың және қалалардың (Көкшетау қаласынан басқа) атаулары;
  3. үміткердің байланыс мәліметтері (телефон нөмірі).
Өзекті жаңашылдықтар: @zhazira_toqtar, @elgeqyzmet.aqmola
Тел.: 8 (7162) 51 81 32

360° камера бойынша нұсқаулық

Құрметті мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар!

Eqyzmet.gov.kz порталы арқылы конкурсқа қатысу барысында бөлмеге 360 градус форматында шолу жүргізу тәртібіне қатысты көптеген кандидаттарды мазалап жүрген өзекті сұрақтарға жауап беру үшін арнайы бейне-нұсқаулық әзірленді.

Өзекті жаңашылдықтар: @zhazira_toqtar, @elgeqyzmet.aqmola
Тел.: 8 (7162) 51 81 32

Мемлекеттік қызметшілердің демалысы

Мемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі?

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қосымша төленетін демалыс күндері беріледі. Толығырақ ақпаратты бейнероликтен көре аласыздар.

Өзекті жаңашылдықтар: @zhazira_toqtar, @elgeqyzmet.aqmola
Тел.: 8 (7162) 51 81 32

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

«Ақмола – адалдық алаңы»

Текст